Accessibility links

Шөкеев: Арыс тұрғындары 28 маусымнан бастап үйлеріне оралады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында. 26 маусым 2019 жыл.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жарылыс болып, тұрғындары жаппай көшірілген Арыс қаласы ертең, 28 маусым күні ашылатынын хабарлады. Әкім Арыстағы жағдай "толық бақылауда" екенін айтып, "алаңдауға еш негіз жоқ" деді. Бұл туралы облыс әкімі Шымкентте өткен баспасөз жиыны кезінде айтты.

- Премьер-министрмен, қорғаныс министрімен сөйлестім. Таңғы сағат сегізден бастап қала ашылады. Ертең (28 маусым) таңертеңгі 6.00-ден бастап "Ақмешіттің" алдына автобустар келе бастайды, - дейді Шөкеев.

Шөкеев Арыстың ашылатынын Шымкентке көшірілген қала тұрғындарының наразылығы күшейген тұста хабарлап отыр. Бұған дейін, 25 маусымда Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин "Арнаулы комиссия құрылады. Азаматтар қалаға қауіп сейілгеніне қарай қайтады" деген.

Бүгін, 27 маусымда жарылыс болған күні Шымкентке бас сауғалап келген жүздеген Арыс тұрғыны "Ақмешіт" мешіті алдындағы Темірлан көшесін жапқан. Наразылар "өздерін төрт рет жарылыс болған Арыс қаласынан басқа жаққа көшіруді, Түркістан, Шымкенттен үй не жер беруді" деп талап етті. Таңертең 11.00 шамасында басталған наразылық шеруге ұласып, арыстықтардың бір бөлігі Шымкент орталығына жетті.

Баспасөз жиыны кезінде журналистер сұрағына жауап берген Шөкеев наразылар талабы "қисынсыз" деді.

- Бір ай ішінде Арысты бұрынғыдан да әдемі етуге күш саламыз. Шыдаңыздар. Неше түрлі талаптар мен ұрандар айтылып жатыр. "Біз Арысқа бармаймыз, басқа жерден үй салып беріңдер" дейді. Ол - қисынсыз талап. Ешкім де ешқашан да олай етпейді. Сондықтан өзіміздің сүйікті Арысымызға келіп, қаланы қалыпқа келтіреміз. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды, - деді ол.

Шөкеевтің сөзінше, басқа өңірден баспана сұрағандар арасында "арандатушылар бар".

Әкіммен бірге баспасөз жиынына Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Арыста "радиация мен иіс бар" деген кейбір тұрғындар сөзін жоққа шығарды.

- Мамандар бәрін тексеріп шықты. Радиация да, иіс те жоқ, - деді Сапарбаев.

Министр азаматтарды "өсек-аяңға сенбеуге, арандатуға ермеуге" шақырды.

Қазақстандық басылымдар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп, Арыстан 200 метр жерде жатқан әскери бөлімшенің басқа жерге көшірілетінін хабарлады.

"Қазақстан президентінің тапсырмасымен Арыстағы әскери бөлімшені қауіпсіз жерге көшіру бойынша арнаулы комиссия жұмыс істеп жатыр. Басты мақсат - болашақта мұндай қайғылы жағдайға жол бермеу" дейді Сапарбаев.

Фотогалерея: Арыс тұрғындарының наразылығы

Арыс тұрғындарының наразылығы

Маусымның 27-і күні таңертеңгі сағат 11 шамасында Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті мен "Бекжан" базары алдындағы көшені Арыс тұрғындары жапты. 
1/38 Маусымның 27-і күні таңертеңгі сағат 11 шамасында Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті мен "Бекжан" базары алдындағы көшені Арыс тұрғындары жапты. 
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Маусымның 24-і күні әскери қоймадағы жарылыстан кейін үй-жайын тастап, Арыстан кетуге мәжбүр болған адамдар Шымкентте "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап жатқан еді.
2/38 Маусымның 24-і күні әскери қоймадағы жарылыстан кейін үй-жайын тастап, Арыстан кетуге мәжбүр болған адамдар Шымкентте "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап жатқан еді.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Жылап-сықтаған тұрғындар "жарылыстан бері тыныш ұйықтай жүрмегенін", Арыста ендігәрі қала алмайтындықтарын айтып, "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлады.
3/38 Жылап-сықтаған тұрғындар "жарылыстан бері тыныш ұйықтай жүрмегенін", Арыста ендігәрі қала алмайтындықтарын айтып, "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлады.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Наразы жұрт әскери қоймада жарылыс болған сәтте қатты шошып, бала-шағамен қайда барарын білмей абдырағанын айтады.
4/38 Наразы жұрт әскери қоймада жарылыс болған сәтте қатты шошып, бала-шағамен қайда барарын білмей абдырағанын айтады.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Наразылар өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
5/38 Наразылар өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Шымкент қалалық әкімдігі шенеунігі наразыларды мешітке баруға шақырғанымен, жиналған жұрт оған бағынудан бас тартты.
6/38 Шымкент қалалық әкімдігі шенеунігі наразыларды мешітке баруға шақырғанымен, жиналған жұрт оған бағынудан бас тартты.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Қазақстан үкіметінің хабарлауынша, жарылыс болған күні 39 мың адам өз күшімен қаланы тастап шыққан, үш мыңдай адам Түркістан облысы әкімдігі ұсынған автобустармен Шымкентке жеткен.
7/38 Қазақстан үкіметінің хабарлауынша, жарылыс болған күні 39 мың адам өз күшімен қаланы тастап шыққан, үш мыңдай адам Түркістан облысы әкімдігі ұсынған автобустармен Шымкентке жеткен.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Түркістан облысы әкімдігінің дерегінше, қазір Шымкентте қырыққа жуық, облыстың басқа аудандарында жиырмадай эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр.
8/38 Түркістан облысы әкімдігінің дерегінше, қазір Шымкентте қырыққа жуық, облыстың басқа аудандарында жиырмадай эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Наразылар жиналған жерге келген Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жұртты көше жолын босатып, мешітке кіріп сөйлесуге шақырды.
9/38 Наразылар жиналған жерге келген Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жұртты көше жолын босатып, мешітке кіріп сөйлесуге шақырды.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Жиналғандардың бір бөлігі Шымкент әкімінің сөзіне құлақ асып, онымен бірге мешітке кірді, енді бір бөлігі көшеде қалды.
10/38 Жиналғандардың бір бөлігі Шымкент әкімінің сөзіне құлақ асып, онымен бірге мешітке кірді, енді бір бөлігі көшеде қалды.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Мешіт ішінде әкім Ғабидолла Әбдірахымов жұртты "қызбалыққа салынбай, сабыр сақтауға" шақырды. "130 мың адам баспана кезегінде тұрған Шымкенттен сіздерге үй беруге мүмкіндік жоқ" деді ол. Әкім сөзіне наразы болған тұрғындар "Шөкеев қайда?" деп Түркістан облысы әкімінің келуін талап етті.
11/38 Мешіт ішінде әкім Ғабидолла Әбдірахымов жұртты "қызбалыққа салынбай, сабыр сақтауға" шақырды. "130 мың адам баспана кезегінде тұрған Шымкенттен сіздерге үй беруге мүмкіндік жоқ" деді ол. Әкім сөзіне наразы болған тұрғындар "Шөкеев қайда?" деп Түркістан облысы әкімінің келуін талап етті.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Мешіт іші айғай-шуға ұласқан соң имамдардың бірі құран сүрелерін оқи бастады. Тек осыдан соң наразы тұрғындар тізе бүгіп, тынышталғандай болды. Бірақ уағыз-насихат аяқталған соң айғай-шу қайта жалғасқан.
12/38 Мешіт іші айғай-шуға ұласқан соң имамдардың бірі құран сүрелерін оқи бастады. Тек осыдан соң наразы тұрғындар тізе бүгіп, тынышталғандай болды. Бірақ уағыз-насихат аяқталған соң айғай-шу қайта жалғасқан.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Маусымның 24-і күні таңертең Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасында алдымен өрт шығып, кейін жарылыстар болған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан үш адам мерт болып, 160-тан астам адам зардап шеккен.<br />
<br />
Суретте: Шымкенттегі &quot;Ақмешіт&quot; мешіті сыртында қол жайып отырған адамдар. 27 маусым 2019 жыл.
13/38 Маусымның 24-і күні таңертең Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасында алдымен өрт шығып, кейін жарылыстар болған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан үш адам мерт болып, 160-тан астам адам зардап шеккен.

Суретте: Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті сыртында қол жайып отырған адамдар. 27 маусым 2019 жыл.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Түркістан облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, қазір Шымкентте қырыққа жуық, облыстың басқа аудандарында жиырмадай эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр.&nbsp;
14/38 Түркістан облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, қазір Шымкентте қырыққа жуық, облыстың басқа аудандарында жиырмадай эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр. 
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Арыстағы әскери қоймадағы жарылысқа байланысты Түркістан облысы әкімдігі 24 маусымда аймақта төтенше жағдай жариялаған.<br />
&nbsp;
15/38 Арыстағы әскери қоймадағы жарылысқа байланысты Түркістан облысы әкімдігі 24 маусымда аймақта төтенше жағдай жариялаған.
 
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Шымкенттегі эвакуациялық орындарды паналап жатқан Арыс тұрғындары &quot;билік ұсынып жатқан көмек мардымсыз&quot; деп&nbsp;шағынды.&nbsp;Олар көбінесе билік емес, еріктілер мен халық көмектесіп жатқанын айтады.
16/38 Шымкенттегі эвакуациялық орындарды паналап жатқан Арыс тұрғындары "билік ұсынып жатқан көмек мардымсыз" деп шағынды. Олар көбінесе билік емес, еріктілер мен халық көмектесіп жатқанын айтады.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
&quot;Ақмешіт&quot; мешітіндегі намаз.&nbsp;
17/38 "Ақмешіт" мешітіндегі намаз. 
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
&quot;Ақмешіт&quot; мешітін паналап жатқан Арыс тұрғындарының арасында балалар да көп.
18/38 "Ақмешіт" мешітін паналап жатқан Арыс тұрғындарының арасында балалар да көп.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Наразылар жиналған жерде жүрген полиция қызметкерлері.
19/38 Наразылар жиналған жерде жүрген полиция қызметкерлері.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Шамамен екі сағатқа жуық уақыт өткеннен кейін оқиға орнына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев келді. Тұрғындардың бір бөлігімен мешіт ішінде кездескен әкім Арыс тұрғындарының ешқайсысы көмексіз қалмайтынын айтып, халықты тыныштандыруға тырысты.
20/38 Шамамен екі сағатқа жуық уақыт өткеннен кейін оқиға орнына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев келді. Тұрғындардың бір бөлігімен мешіт ішінде кездескен әкім Арыс тұрғындарының ешқайсысы көмексіз қалмайтынын айтып, халықты тыныштандыруға тырысты.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Кейбір тұрғындар сыртта да наразылар көп екенін айтып, әкімді ғимарат сыртына шығуға шақырды. Бірақ әкім бұл ұсынысқа жауап бермеді. Кездесудің арты дау-дамайға ұласып бара жатқан соң мешіт ішінде азан шақырыла бастады.
21/38 Кейбір тұрғындар сыртта да наразылар көп екенін айтып, әкімді ғимарат сыртына шығуға шақырды. Бірақ әкім бұл ұсынысқа жауап бермеді. Кездесудің арты дау-дамайға ұласып бара жатқан соң мешіт ішінде азан шақырыла бастады.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Арыс тұрғындары Түркістан не Шымкенттен үй беруді сұрайды.&nbsp;Наразылар өз баспанасы &quot;тұруға жарамай қалғанын&quot;, Арысқа қайтпайтынын айтады.
22/38 Арыс тұрғындары Түркістан не Шымкенттен үй беруді сұрайды. Наразылар өз баспанасы "тұруға жарамай қалғанын", Арысқа қайтпайтынын айтады.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Наразылар жиналған &quot;Ақмешіт&quot; мешіті мен &quot;Бекжан&quot; базары алдындағы көшеде көліктер бөгелді.
23/38 Наразылар жиналған "Ақмешіт" мешіті мен "Бекжан" базары алдындағы көшеде көліктер бөгелді.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Мешіт алдындағы наразылықты бақылап тұрған полиция қызметкерлері.<br />
&nbsp;
24/38 Мешіт алдындағы наразылықты бақылап тұрған полиция қызметкерлері.
 
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
&quot;Ақмешіт&quot; мешіті мен &quot;Бекжан&quot; базары алдындағы көшедегі полиция көлігі.
25/38 "Ақмешіт" мешіті мен "Бекжан" базары алдындағы көшедегі полиция көлігі.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың Арыс тұрғындарымен кездесуді мешіт ішінде өткізіп жатқанына наразы жұрт полиция қоршауын бұзып, Шымкенттегі орталық алаңға бет алды.
26/38 Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың Арыс тұрғындарымен кездесуді мешіт ішінде өткізіп жатқанына наразы жұрт полиция қоршауын бұзып, Шымкенттегі орталық алаңға бет алды.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Шеруге шыққан наразылардың бірі &quot;[әкімдер] халықты құран оқып басып тастап жатыр, талабымызды алаңда айтамыз&quot; деді.
27/38 Шеруге шыққан наразылардың бірі "[әкімдер] халықты құран оқып басып тастап жатыр, талабымызды алаңда айтамыз" деді.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Биліктен Арыс тұрғындарының проблемасын шешуді талап еткен наразылар шеруі.
28/38 Биліктен Арыс тұрғындарының проблемасын шешуді талап еткен наразылар шеруі.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Жүздеген наразы тұрғынды ондаған полиция бақылап барады.<br />
29/38 Жүздеген наразы тұрғынды ондаған полиция бақылап барады.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Шымкент көшесінде шеруге шыққан наразылар мен полиция. 27 маусым 2019 жыл.
30/38 Шымкент көшесінде шеруге шыққан наразылар мен полиция. 27 маусым 2019 жыл.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Біршама уақыттан кейін &quot;Нұр Отан&quot; партиясының Шымкенттегі филиалы кеңсесіне барған наразылардың жолын полиция бөгеді.
31/38 Біршама уақыттан кейін "Нұр Отан" партиясының Шымкенттегі филиалы кеңсесіне барған наразылардың жолын полиция бөгеді.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Биліктегі партияның кеңсесіне кіре алмаған соң наразылар Шымкенттің орталық алаңына баруды ұйғарды.
32/38 Биліктегі партияның кеңсесіне кіре алмаған соң наразылар Шымкенттің орталық алаңына баруды ұйғарды.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
&quot;Арыс!&quot;, &quot;Халыққа баспана!&quot;, &quot;Арыстан көшірсін&quot; деп айғайлаған наразылар қала көшесімен орталық алаңға бет алды.
33/38 "Арыс!", "Халыққа баспана!", "Арыстан көшірсін" деп айғайлаған наразылар қала көшесімен орталық алаңға бет алды.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Кей адамның қолында &quot;Арысқа баспана&quot;, &quot;Арыс көмек&quot; деген жазуы бар плакаттар болды.
34/38 Кей адамның қолында "Арысқа баспана", "Арыс көмек" деген жазуы бар плакаттар болды.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Наразылар Шымкенттегі орталық алаңға барды.
35/38 Наразылар Шымкенттегі орталық алаңға барды.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Орталық алаң маңына келген адамдар.
36/38 Орталық алаң маңына келген адамдар.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Наразылардың билікке талабы жазылған плакатты ұстап тұрған жігіт.
37/38 Наразылардың билікке талабы жазылған плакатты ұстап тұрған жігіт.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Наразыларды бақылап тұрған полиция қызметкерлері.
38/38 Наразыларды бақылап тұрған полиция қызметкерлері.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Previous slide
Next slide

24 маусым күні таңертең Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасында алдымен өрт шығып, кейін жарылыстар болған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан үш адам мерт болып, 160-тан астам адам зардап шеккен.

Қазақстан үкіметінің хабарлауынша, жарылыс болған күні 39 мың адам өз күшімен қаланы тастап шыққан, 3500 адам Түркістан облысы әкімдігі ұсынған автобустармен Шымкентке жеткен. Түркістан облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, қазір Шымкентте қырыққа жуық, облыстың басқа аудандарында жиырмадай эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр. Түркістан облысы әкімдігі 24 маусымда аймақта төтенше жағдай жариялады.

Шымкентке жеткізіліп, пунктерді паналап жатқан Арыс тұрғындары "билік ұсынып жатқан көмек мардымсыз" деп шағынған. Олар көбінесе билік емес, еріктілер мен халық көмектесіп жатқанын айтады. Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 26 маусымда өткен баспасөз мәслихатында Арыс тұрғындарының "биліктен мардымды көмек болмай жатыр" деген сөзін жоққа шығарды.​ Әкімнің сөзінше, қаладағы барлық пункте Арыс қаласынан келгендерге қолдан келгенше тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

Шымкенттен 97 шақырым жерде жатқан Арыс қаласында 45 мыңға жуық адам тұрады.

Арыс қаласында бұған дейін бірнеше рет жарылыс болған. 2015 жылы қарашада қаладағы полигон аумағындағы жарылыстан бір адам мерт болған еді. Ресми ақпарат бойынша, жарылыс әскери оқ-дәрі мен өндіріс қалдықтарын жою кезінде болған.

2014 жылы Арыстағы "Қазақжарылысөнеркәсібі" акционерлік қоғамы аумағында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тапқан.

Он жыл бұрын, 2009 жылы наурызда Арыстағы қоймада жарылғыш заттар жарылып, сақтаулы тұрған оқ-дәрі атылған. Ол оқиғадан төрт адам қаза тауып, жиырмаға тарта адам жапа шеккен еді. Ресми билік жарылысқа қоймадағы қарудың дұрыс сақталмауы және жарылғыш затпен дұрыс жұмыс істемеу себеп болды деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG