Accessibility links

Нұр-Сұлтандағы митингіге жүз шақты адам қатысты


Нұр-Сұлтандағы наразылық. 30 маусым 2019 жыл.

30 маусымда таңертеңгі сағат 11 шамасында Нұр-Сұлтандағы "Жерұйық" саябағында "Байтақ-Болашақ" экологиялық альянсының жетекшісі Азаматхан Әміртай ұйымдастырған митинг басталды. Оған шамамен жүз шақты адам келді.

Азатттықтың тікелей эфирін көріңіз:

Митингіде түрлі мәселелер оның ішінде Арыс оқиғасы, мемлекеттік тілдің ахуалы, елдегі партиялар жүйесі сияқты мәселелер айтылған. Шараны ұйымдастырушылар сөйлеген азаматтардың дәл уақытында сөзін аяқтауын қадағалап отырды.

Шара басталғаннан кейін шамамен 40 минут өткен соң жиналғандардың бір бөлігі "Болатбек!" деп айғайлап, сол маңда жүрген белсенді Болатбек Біләловтің сөйлеуін талап етті. Сәлден соң мінберге шыққан Біләлов Арыстан түнде ғана келгенін, шараға дайындалып үлгермегенін айтты.

"19 наурызға дейін біз "Шал кет!" деп айғайлап жүрген едік, енді "Шалдар кетіңдер!" деп айғайлаймыз" деді. Бұдан соң шулап кеткен жиналғандарға шараны ұйымдастырушы Азаматхан Әміртай "Болды! Болды! Жауапкершілік менің мойнымда" деп көпті тыныштандыруға тырысты. Шара түскі сағат 13.00 шамасында аяқталған.

Дәл осы күні Алматыда да "рұқсат етілген" митинг өтті.

  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG