Accessibility links

Қырғызстан президентінің кеңесшісі Атамбаевты қолдайтынын айтты


Қырғызстан президентіннің кеңесшісі Айбек Азыранкулов.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің кеңесшісі Айбек Азыранкулов 30 маусымда экс-президент Алмазбек Атамбаевтың Кой-Таш ауылындағы үйіне барды. Журналистерге берген комментарийінде ол өзінің биыл сәуір айында қызметтен кету туралы өтініш жазғанын айтты.

"Бәрі заң аясында болуы тиіс. Халықтың наразылығын байқап отырмыз. Мен 2006 жылдан бері Қырғызстан социал-демократиялық партиясындамын. Біз бәріміз үлкен командада бірге болған едік" деді ол.

Азыранкулов қызметтен кететіні жайлы өтініш беруін өзінің жеке позициясын білдіру деп түсіндіреді. "Егер арыз жазсам, яғни келіспеймін" деді Азыранкулов.

Экс-президент Алмазбек Атамбаев Азыранкуловтың бұл әрекетін құптайтынын айтты.

27 маусымда Қырғызстан парламенті елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айырды. Сол күні өткен жиын кезінде 109 депутаттың 103-і бұл туралы шешімді қолдап, алтауы қарсы дауыс берді.

Енді тергеу органдары Атамбаевты ұстап, оны тергей алады. 26 маусымда Бас прокуратура Атамбаевқа тағылған жемқорлық, заңсыз баю және лауазымын асыра пайдалану сияқты айыптарға негіз бар деп хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG