Accessibility links

Ресей Сарышағанда зымыраннан қорғаныс жүйесін сынады


Ресейдің С-400 зымыраннан қорғаныс кешені (Көрнекі сурет).
Ресейдің С-400 зымыраннан қорғаныс кешені (Көрнекі сурет).

Ресей қорғаныс министрлігі Қазақстаннан жалға алған Сарышаған полигонында зымыраннан қорғану жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа ракетасын сынағанын хабарлады. 2 шілдеде жарияланған ресми хабарламада зымыранның қашан сыналғаны айтылмаған.

Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты әуе-ғарыштық күшінің полковнигі Павел Кузьмин "жаңа ракета сынақтан сәтті өткенін" хабарлады. Министрлік дерегінше, жаңа зымыран Сарышағандағы шартты нысанға тиген.

Ресей Қазақстаннан жалға алған Сарышаған полигонындағы шартты нысанаға бағыттап жиі зымыран атады. Бірнеше рет Ресей қорғаныс министрлігі Қазақстанмен шекарадағы Астрахан облысында орналасқаннан полигоннан "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген. Сынақ кезінде зымыран Сарышаған полигонындағы шартты нысананы атып түсірген.

Ресей Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонының бір бөлігін 1996 жылы Қазақстанмен жасалған келісім бойынша жалға алған. Полигонның қалған бөлігін Қазақстан пайдаланады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG