Accessibility links

Нұр-Сұлтанда адамдар ұсталғанда Азаттық тілшісіне кедергі жасалды


Нұр-Сұлтанда белгісіз азаматтар қолшатырмен Азаттықтың түсірілім тобына кедергі жасап жатыр. Алматы, 6 шілде 2019 жыл.
Нұр-Сұлтанда белгісіз азаматтар қолшатырмен Азаттықтың түсірілім тобына кедергі жасап жатыр. Алматы, 6 шілде 2019 жыл.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Республика даңғылы бойында жүрген азаматтарды полиция ұстауға кірісті. Бұл туралы оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.​ ​Ұсталғандардың нақты саны әзірге белгісіз. Бірақ тікелей эфирде ақпарат таратып жатқан Азаттық тілшілерінің шамалауынша, олардың саны оннан асады. Оқиға кезінде қолшатыр ұстаған маска таққан, қара түсті киім киген белгісіз азаматтар Азаттықтың түсірілім тобына кедергі жасады. Олар қолшатырмен камера бетін көлегейлеп, азаматтарды ұстап жатқан полиция әрекетін түсіруге бөгет жасады. Қолшатыр ұстаған бірнеше адам тілшілердің штативін сындырып, камераның бетін көлегейлеуге тырысқан. Бұл туралы Азаттық тілшісі оқиға орнында жүрген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаевтан сұрағанда, ол нақты жауап беруден тайсақтап, жалтарып кетіп отырған.

ВИДЕО: Азаттықтың оқиға орнынан тікелей репортажы

Бұған дейін өзін қазіргі биліктің оппоненті ретінде атайтын, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов 6 шілдеде азаматтарды жаппай наразылық шарасына шақырған еді. Ол құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған. Қозғалыс тұрақты түрде жақтастарын үкіметке қарсы митингілерге шығуға шақырып келеді. "Ақша жымқырды", "адам өлтіруге тапсырыс берді" және өзге де айыптар тағылған Әблязов сырттай өмірлік жазаға кесілген. Әблязовтың өзі бұл айыптарды жоққа шығарып, істің саясиланғанын, биліктің өзінен өш алғысы келетінін айтқан.

Бұған дейін бас прокуратура 6 шілдеде заңсыз митингке қатысқандар жазаланады деп ескерткен еді.

Қазақстанда 6 шілде астана күні ретінде тойланады. Бұл күн Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Ол бүгін 79 жасқа толды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG