Accessibility links

Арыста депо қоймасы өртенді


Депо қоймасында шыққан өрт. Арыс, 11 шілде 2019 жыл (Сурет Түркістан облыстық әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың Facebook парақшасынан алынды)
Депо қоймасында шыққан өрт. Арыс, 11 шілде 2019 жыл (Сурет Түркістан облыстық әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың Facebook парақшасынан алынды)

11 шілдеде Түркістан облысы Арыс қаласында депо аумағындағы қоймада өрт болды. Бұл туралы төтенше жағдай комитеті мен облыстық әкімдік хабарлады.

Төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша, "өрт сөндірілген. Жалынды сөндіруге оннан астам техника мен 55 өрт сөндіруші, өртке қарсы пойыз бен Арыс стансасының қызметкерлері жұмылған. Өрт 2040 шаршы метр аумақты шарпыған".

Комитет өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов құрылыс жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі сақталмағанын, ссының салдарынан өрт шыққанын айтты.

Түркістан облыстық әкімдігінің дерегінше, өрттен зардап шеккендер жоқ.

24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймада өрт шығып, салдарынан оқ-дәрі жарылған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан үш адам (Арыс тұрғыны мен екі әскери) қаза тауып, 400-ден астам адам дәрігер көмегіне жүгінген еді. 40 мыңнан астам адам қаланы тастап кеткен. Тұрғындар қалаға 28 маусымда оралды.

Видео: Арыстағы жарылыс

Арыстағы алты күн
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:36 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG