Accessibility links

Полиция Арыстан хабар таратқан Азаттық тілшісіне "сұрақтары бар" екенін айтты


Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы.
Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы.

20 шілдеде алматылық полиция департаментінің бөлім бастығы Ерлан Әбсадық Азаттықтың Алматыдағы кеңсесіне келіп, 27 маусым күнгі Шымкенттегі Арыс тұрғындарының стихиялық шеруіне байланысты кейбір детальдарды анықтағысы келетінін айтты.

Жарылыс болған Арыстан бас сауғалап, Шымкентке уақытша қоныстанған жүздеген Арыс тұрғыны 27 маусымда қаладағы "Ақмешіттен" орталық алаңға жаяу барып, Арысқа қайтқылары келмейтінін, онда соңғы он жылда төрт жарылыс болып, адамдар өлгенін, биліктен өздерін қауіпсіз жаққа көшіруді талап еткен еді. Асылхан Мамашұлы осы оқиғадан тікелей эфирде хабар таратқан.

Ерлан Әбсадық 20 шілдеде шымкенттік әріптестерінен өтініш түскенін, онда Асылхан Мамашұлының полицей "рұқсат етілмеген митингі" деп атаған шараға қатысын білгісі келетінін жазған. Полиция қызметкері журналистің түсініктеме жазуы керек екенін де айтқан. Журналистің маусым айының соңында Шымкент пен Түркістан облысында қызметтік сапарда болғанын және барлық сұрақты Азаттық басшылығына бағыттау керектігін естіген полиция қызметкері кетіп қалды. Азаттық тілшісімен сөйлескен полиция өкілі кетерінде "митингі ұйымдастырушысына ұқсамайсыз" деп айтқан.

Дәл осы оқиғаның алдында жұма, 19 шілдеде кешке полиция қызметкерлері Асылхан Мамашұлы тіркелген үйге барып, есікті ашуын сұраған. Бұл кезде Асылхан жұмыста болған. Журналистің туыстары Асылхан Мамашұлына үйіне іздеп барған полицейлердің нөмірін берген. Оларға хабарласқан кезде полицейлер себебін түсіндірместен полиция департаментіне келуін талап еткен. Бүгін Ерлан Әбсадық Асылхан Мамашұлы тіркелген үйге полицейлердің "шақырту қағазын бермек" болып барғанын растады.

Асылхан Мамашұлы редакция тапсырмасымен Арыс оқиғасы жайлы хабар тарату үшін 24 маусымда Шымкентке барды. Бірнеше күн бойы Шымкентте уақытша қоныстанған арыстықтардың жағдайы мен үйлеріне қайтқаннан кейінгі қала тұрғындарының ахуалы жайлы ақпарат таратты. Арыстағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде ресми дерек бойынша, үш адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

"Арыстағы алты күн". (Қызметтік сапардан оралғаннан кейін Асылхан Мамашұлы әзірлеген видеосюжет):

Арыстағы алты күн
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:36 0:00

Асылхан Мамашұлы Азаттық радиосында 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Қоғамдық-саяси мәселелер бойынша сараптамалық мақалалар жазады. Биыл маусым айында Қазақстанның Журналистер одағының сыйлығымен марапатталды. Асылхан Мамашұлына "Саяси шолу" номинациясы бойынша жүлде "Арал теңізінің қалыпқа келеріне сенетін авторлық позициясы үшін" берілген.

Оқи отырыңыз: Азаттық тілшісінің Арал жайлы фильмі журналистер одағының жүлдесін алды

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG