Жапония полициясы Киотодағы аниме-студиядағы өртке күдіктіні қамауға алуға ордер алды. Өрт кезінде денесі қатты күйген күдікті ауруханаға жеткізілген еді. Енді оның денсаулығы жақсарғанда полиция оны қамауға алады.
18 шілдеде Kyoto Animation студиясындағы өрттен 34 адам мерт болып, 30-да аса адам түрлі жарақат алған. Күдікті студия ғимаратының ішіне бензин шашып, өрт қойғаны туралы полицияға өзі хабарлаған.
Киото қаласындағы Kyoto Animation студиясы 1981 жылы құрылған. Ол сериалдар мен толық метражды фильмдер шығарады. Студия "Меланхолия Харухи Судзуми", "Кланнад" және "K-On!" анимациалық фильмдерімен танымал. Компанияның бас кеңсесі Киото қаласында орналасқан.
ПІКІРЛЕР