Accessibility links

Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктері жиналып қалған


Көрнекі сурет.

Батыс Қазақстан облысында қазақ-орыс шекарасындағы "Сырым" бақылау-өткізу бекетінде жүк көліктері бірнеше километрге созылған кезекте тұр. Бұл туралы 31 шілдеде жергілікті "Мой город" ақпараттық сайты хабарлады.

"Кеше (30 шілде - ред.) кешкі сегізден бері тұрмын. Шекарашылар жағдайымызды түсініп, бізді бейтарап аймаққа кіргізді. Алматыдан Мәскеуге бара жатырмын. Менікі әйтеуір тез бұзылатын азық-түлік емес, ал мұнда жеміс-жидек әкетіп бара жатқандар бар. Тоңазытқыш істеу үшін көлік қозғалтқышын өшірмеуге мәжбүрміз, соның кесірінен солярка текке кетіп жатыр" дейді жүргізушілердің бірі.

Олар кезектің пайда болуын "өткізу бекетінде екі-ақ қызметкер отырғандығымен" түсіндіреді. Ақпаратқа қарағанда, мұндай кезек тек Қазақстан жағындағы өткізу бекетінде бары байқалған.

Алайда Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік кіріс департаментінің өкілі Айман Қуанова "Сырым" бекеті "қалыпты режимде жұмыс істеп" жатқанын айтады.

"Бізде еш проблема жоқ және қызмет көрсету кезінде де ешқандай кезек болмайды. Ал көліктердің жиналып қалуын ауыр жүк көліктерінің шетке көп шығып жатқанымен түсіндіруге болады. Біздің жақта қазір 160 жүк көлігі тұр. Ал бейтарап аймақ пен көрші жақта 30-ға жуық көлік тұр" деді Айман Қуанова.

.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG