Accessibility links

Атамбаевты ұстау операциясында жараланған арнайы жасақ өкілі қаза болды


Кой-Ташта тұрған жедел жәрдем. 7 шілде 2019 жыл.
Кой-Ташта тұрған жедел жәрдем. 7 шілде 2019 жыл.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі Кой-Ташта елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы кезінде жараланған арнайы жасақ өкілі ауруханада көз жұмғанын хабарлады. Министрліктің дерегінше, операция кезінде 41 адам жараланған, олардың 15-і - арнайы жасақ қызметкері.

Дәрігерлердің сөзінше, көз жұмған 22 жастағы арнайы жасақ қызметкерінің жүрегіне оқ тиген. Ол ауруханада қайтыс болған.

7 тамызда Бішкек уақытымен кешкі сағат сегіз шамасында арнайы жасақ экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын бастаған. 8 тамыз түнгі үш шамасында арнайы жасақ Кой-Таштан шықты, Алмазбек Атамбаевты ұстаған жоқ.

Оқи отырыңыз: Атамбаевты ұстау операциясы жайлы негізгі ақпараттар

27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған. Кейін ІІМ Атамбаевты тергеуге шақыра бастады.

Қырғызстанның бұрынғы президентіне қызметте жүріп жемқорлыққа жол берді, өкілетін асыра пайдаланды және заңсыз байыды деген сияқты жалпы саны бес айып тағылған. Прокуратура Атамбаев қылмыстық топтар арасында танымал Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуымен байланысты істе куәгер ретінде танылғанын мәлімдеген.

Атамбаев бұл айыптардың бәрін жоққа шығарып, өзін тергеуге шақырудың саяси астары бар деп мәлімдеген. Ол Азиз Батукаевты босатуға қатысы жоғын да айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG