Accessibility links

Мәскеу соты украиналық теңізшілерді қамаудан босатпады


Украиналық теңізші Владимир Варимез сотқа келе жатыр. Мәскеу, 17 шілде 2019 жыл.
Украиналық теңізші Владимир Варимез сотқа келе жатыр. Мәскеу, 17 шілде 2019 жыл.

Мәскеу соты былтыр қарашада аннексияланған Қырым жағалауында ұсталған украиналық 24 теңізшінің 18-ін қамаудан босатпады. Сот 18 теңізшілердің апелляциялық шағымын 16 тамызда жабық қарады.

Қорғаушылардың сөзінше, тергеу айдың соңына дейін теңізшілерді босату туралы шешім қабылдауы тиіс. Бұл жайында бұған дейін украиналық омбудсмен Людмиоа Денисова Ресей билігіне хат жолдаған.

2018 жылы 25 қарашада Қырым жағалауында Ресей шекарашылары украиналық үш әскери кемеге шабуылдап, 24 теңізшіні тұтқындаған. Ресей әскерилері “украиналықтар шекараны заңсыз кесіп өтті” деп айыптайды. Ресей заңнамасында бұл бап бойынша алты жылға дейін түрме жазасы қарастырылған.

Киев Ресейдің теңізшілерді ұстауын “агрессия әрекеті” деп айыптап, теңізшілерді “әскери тұтқын” деп атаған. Украинаны АҚШ, НАТО және Еуропа одағы қолдаған. Мәскеу “Ресей мен Украина арасында соғыс жоқ, ал ұсталған теңізшілер шекара бұзды” дейді.

БҰҰ халықаралық трибуналының шешіміне сай, Ресей украиналық теңізшілерді 25 маусымға дейін босатуы керек еді. Бірақ Мәскеу бұл сот шешімін орындамады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG