Accessibility links

Франциядағы G7 саммитінде Иран, Кашмир, Амазон мәселесі талқыланбақ


Франция президенті Эммануэль Макрон G7 саммиті алдында климат мәселесі талқыланған жиында сөйлеп тұр. Париж, 23 тамыз 2019 жыл.
Франция президенті Эммануэль Макрон G7 саммиті алдында климат мәселесі талқыланған жиында сөйлеп тұр. Париж, 23 тамыз 2019 жыл.

24-26 тамызда Францияның Биарриц қаласында “Үлкен жетілік” (G7) саммиті өтеді. Жиынға АҚШ президенті Дональд Трамп, Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Борис Джонсон қатысады. Форумда Иранның ядролық бағдарламасы, Ресейдің G7 қатарына қайта қосылу мәселесі, Амазон орманындағы өрт талқыланады.

Трамп саммит кезінде Эммануэль Макронды Google мен Facebook компаниясына сауда салығын салу идеясынан бас тартуға шақырмақ. Ол Францияға ұшпас бұрын Вашингтонда журналистерге берген сұхбатында “егер Париж Google мен Facebook компаниясына салық салса, Вашингтон француз шараптарына да салықты өсіретінін” айтты.

Франциядағы саммитке Германия, Канада, Италия және Жапония басшылары де қатысады. Ал Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди жиынға қонақ ретінде келіп, басқа қатысушылармен Кашмирдегі жағдайды талқыламақ.

Биаррицте Макрон Бразилиядағы Амазон орманы өртеніп жатқан тұста Трампты табиғатты қорғау хартиясына қол қоюға үгіттемек.

Ресей бұған дейін G8 форумына қатысып келген. Кейін Мәскеу Қырымды аннексиялап алған соң Ресей бұл форумнан шеттетілген. G7 мүшелері “Ресей Украинадағы сепаратистерді қолдап отыр” деп Мәскеуге санкция салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG