Accessibility links

Сот Ratel.kz порталы жұмысын қайта бастауына болатынын айтты


Ratel.kz интернет-порталының бұрынғы бас редакторы Марат Әсіпов порталын бір жылға жапқан былтырғы сот шешіміне анықтама беру бойынша Медеу аудандық сотындағы отырыста. Алматы, 28 тамыз 2019 жыл.
Ratel.kz интернет-порталының бұрынғы бас редакторы Марат Әсіпов порталын бір жылға жапқан былтырғы сот шешіміне анықтама беру бойынша Медеу аудандық сотындағы отырыста. Алматы, 28 тамыз 2019 жыл.

Бүгін, 28 тамызда Алматының Медеу аудандық соты Ratel.kz интернет-порталының бұрынғы бас редакторы Марат Әсіповтің жыл бұрын сот жапқан сайтына қатысты шешімді түсіндіруді сұраған шағымын қанағаттандырды. Сот кезінде Әсіпов "былтыр сот Ratel.kz жұмысына қанша уақытқа тыйым салғаны түсініксіз болды. Менің қызметіме де қанша уақытқа шектеу қойылғаны белгісіз қалды" деді.

Сот отырысы кезінде былтырғы шешімді түсіндірген судья Ержан Шыңғысов Ratel.kz-ке салынған "бір жылдық тыйымның күші жойылған соң, 23 қазаннан бастап жұмыс істеуге болатынын" айтты. Судья сөзінше, Әсіповтің қызметіне салынған тыйымның күші де сол кезде, 23 қазанда жойылады. Бүгінгі отырыста сот шешімнің қорытындысын ғана оқыды.

Бұл сот 13 тамызда Алматы қалалық соты Әсіповтің апелляциялық шағымын қанағаттандырып, Медеу аудандық сотының "журналистік міндетіне шектеу қою" туралы шешімін түсіндіруден бас тартқан анықтамасын жойған соң өткен. Қалалық сот аудандық сотты Әсіповке не үшін қызметіне шектеу қойылғанын түсіндіруге міндеттеген еді.

Медеу аудандық сотының судьясы Ержан Шыңғысов Ratel.kz интернет-порталын бір жылға жабу туралы былтырғы сот шешіміне анықтама беріп тұр. Алматы, 28 тамыз 2019 жыл.
Медеу аудандық сотының судьясы Ержан Шыңғысов Ratel.kz интернет-порталын бір жылға жабу туралы былтырғы сот шешіміне анықтама беріп тұр. Алматы, 28 тамыз 2019 жыл.

2018 жылы мамырда Медеу аудандық соты прокуратураның шағымын қанағаттандырып, "Ratel.kz сараптамалық интернет-порталының" қызметін тоқтатып, Ratel.kz пен Balborsyk.kz домендерін пайдалануына бір жылға шектеу қойған. Сот Марат Әсіповтің БАҚ-та және Ratel.kz, Balborsyk.kz, wildratel.com, itau.kz және басқа да домендік атауларда "Ratel.kz" интернет-порталы атынан ақпараттық материалдар жариялап, таратуына да тыйым салған.

ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі мәселелері жөніндегі өкілі Арлем Дезир өткен аптада Алматыда өткен Еуразия медиа форумында Қазақстанда "кейбір БАҚ-ты қудалауда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы қолданылып отырғанын айтып" бұған Ratel.kz пен Forbes Kazakhstan журналын мысалға келтірген.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG