Accessibility links

RFE/RL президенті Флай Қырғызстан басшысы Жээнбековпен кездесті


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков (сол жақта) пен Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай. 29 тамыз 2019 жыл.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков (сол жақта) пен Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай. 29 тамыз 2019 жыл.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының (RFE/RL) президенті Джейми Флай Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен Бішкекте өткен кездесуден соң "Настоящее время" арнасына сұхбат берді. Флай Қырғызстандағы "журналистер құқығының шектелетініне", биліктің журналистік зерттеулердің, әсіресе жемқорлыққа қатысты зерттеулер маңызын "төмендеткісі келетініне" алаңдайтынын жеткізген.

Радио президентінің сөзінше, соңғы жылдары Қырғызстанда Азаттық тілшілеріне өзге БАҚ өкілдерінің тарапынан айыптау жиілеген. "Меніңше, біздің журналистерге орынсыз сын айтылып жатыр. Қырғызстан медиасында ушығып бара жатқан дауға алаңдаймыз. Қандай сын айтылса да, журналистік тергеу жүргізіп, жемқорлықты әшкерелеуді жалғастыра береміз" деді Флай.

29 тамызда Жээнбеков пен Флайдың кездесуі кезінде Қырғызстан президенті Азаттықтың [Қырғыз қызметінің] журналистік тергеулері жемқорлықпен күресте маңызды екенін, өзі сайт материалдарын бақылап отыратынын айтқан. "Азаттық радиосын үнемі тыңдаймын. Радио - барлық тараптың пікірін беретін бейтарап медиа" деді Жээнбеков.

Джейми Флай Бішкекке 28 тамызда келген. Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Жээнбековтен бөлек елдің медиа өкілдерімен де кездескен. Қырғызстанға келмес бұрын Флай Тәжікстан мен Қазақстанда болды. Душанбеде радио президенті Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен, Алматыда Қазақстан президентінің ресми өкілімен, қоғам қайраткерлері және белсенділермен кездескен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG