Accessibility links

Нұр-Сұлтанда бірнеше азамат "Қытай жобаларына" қарсылық білдірді


Қоғамдық даму басқармасының басшысы Талғат Рахманберді (оң жақта) наразылыққа шыққан тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп жатыр. 4 қыркүйек 2019 жыл.
Қоғамдық даму басқармасының басшысы Талғат Рахманберді (оң жақта) наразылыққа шыққан тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп жатыр. 4 қыркүйек 2019 жыл.

5 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда бірнеше адам әкімдік алдына барып, 2 қыркүйектен бері "Қытаймен бірлесіп ашылған кәсіпорындарды елге кіргізбеуді" талап етіп жатқан Жаңаөзен тұрғындарына қолдау білдірді.

"Қытай экспансиясына қарсымыз!", "Жаңаөзендіктермен біргеміз" деген жазуы бар плакат ұстап, әкімдік алдында наразылық өткізген азаматтардың алдына қалалық қоғамдық даму істері жөніндегі басқарма басшысы Талғат Рахманберді шықты.

- Ешкім жерімізді қытайларға берейін деп жатқан жоқ, оларға жағдай жасайын деп жатқан жоқ. Бәрі инвестицияға байланысты. Министрліктер қажетті ақпарат береді, - деді Рахманберді.

Шенеунік жиналғандарды әкімдік ішіне кіріп, мәселені сол жерде талқылауды ұсынды. Бірақ олар бас тартты.

Акцияға келгендердің бірі Нағызхан Қажы кеше наразылыққа шыққан адамдармен бірге әкімдікке "Қытай жобаларына" қарсы митинг өткізу туралы өтініш бергенін айтіп, оған қашан жауап беретінін сұрады. Ал Талғат Рахманберді оған "заңда белгіленген тәртіп бойынша өтінішіңізге жауап береміз" деді.

Тікелей эфирді көріңіз:

Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Қытаймен бірлесіп жүзеге асырылатын жобалардың барлығы "жоғары технологиялы кәсіпорындар" екенін атап өткен еді. Ол "Қазақстанға келетін Қытай зауыттары қоршаған ортаға зиян келтіреді" деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізген.

Vlast.kz сайты 4 қыркүйекте Жаңаөзендегі қарсылық акциясына байланысты Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяоның пікірін жариялады. Онда елші митингілерде айтылған жайттарды "күлкілі әрі аңғалдық" деп атаған. Ол әрбір жобаның арнайы сараптамадан өтетінін және оларды біріккен комиссия іріктейтінін айтқан.

3 қыркүйектен бері елдің түкпір-түкпірінде жаңаөзендіктерді қолдау акциясы өтіп келеді. 2 қыркүйекте екі жүз шақты Жаңаөзен тұрғыны Қазақстанда Қытай ықпалының күшейгенін айтып, наразылық білдірген.

Оқи отырыңыз: Жаңаөзендіктер бастаған "Қытай экспансиясына қарсы" акция бірнеше қалада жалғасты

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG