Халықаралық "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists, CPJ) есебінде Түркіменстан, Беларусь және Иранды цензурасы қатаң он елдің қатарына қосты.
CPJ түзген тізімнің басында Эритерия, одан кейін Солтүстік Корея тұр. Тізімде Сауд Арабиясы, Қытай, Вьетнам, Куба және Экваторлық Гвинея бар. Ұйымның мәлімдемесінде "бұл елдерде БАҚ мемлекеттің сойылын соғатыны, тәуелсіз журналистика қудалау көретіні" жазылған.
"Аталған елдерде билік журналистерді түрмеге қамап, БАҚ қызметкерлерін аңдиды. Заңдары репрессияға жол ашады. Интернет мен әлеуметтік желілерге кіру қиын. Халықаралық стандарттар сақталмайды. Тәуелсіз журналистикаға тыйым салынған немесе қудалауға ұшырайды" деп мәлімдеді ұйым.
ПІКІРЛЕР