Accessibility links

Божко: Ешкімді ренжіткім келген жоқ, бірақ масылдыққа қарсымын


Владимир Божко: Масылдыққа қарсымын
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:37 0:00

Қазақстан мәжілісінің депутаты Владимир Божко Азаттық тілшісіне "билік көмектесіп жатқандар мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек" деген сөзі жайлы пікір білдірді.

Мәжіліс отырысынан шыққан Божко "Ешкімді ренжіткім келген жоқ. бірақ масылдыққа қарсымын. Осыны айтқым келген" деді.

Депутат Азаттық тілшісінің "желіде Божко мырза айтқан сөзі үшін халықтан кешірім сұрауы керек деген пікір айтылып жатыр. Бұған не дейсіз?" деген сауалына ол "тағы қайталап айтамын, масылдыққа қарсымын. Сондықтан солай айттым" деді.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко 3 қыркүйекте Қазақстан халықтары ассамблеясының отырысынан кейін жергілікті Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында "Биліктің не істеп жатқанын көріп, түсіну керек. Үш жылдың ішінде әлеуметтік көмек 17 есе өскен. Осыдан-ақ түсінуге болады. Осы үшін мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек. Адам жұмыс істемейді, кейін "бұған бәрін бер" деп шыға келеді. Ондай адамды "стойлоға" (мал қорадағы орын - ред.) қоятын қоғам пікірі болу керек" деген.

Бұл пікірі желіде сынға ұшырап, жұрт "депутаттан кешірім сұрауды талап еткен". Нұр-Сұлтанда бір топ әйел Ақорда маңына барып, Божконың шығуын талап қылған.

Қоғам ашуын тудырған Владимир Божко отставкаға кете ме?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:01 0:00

Қазақстанда билік маңында жүргендер бұған дейін де халықтың масылдығы туралы айтқан.

21 тамызда "Нұр Отан" жиынында партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев (елдің бұрынғы президенті) көп балалы әйелдер мен шетелден келген қазақтарды "көмек сұрай береді" деп сөккен.

- "Маған бер, менің балам көп, айлығым аз" дейді. Сен не ойладың? Бұл – сенің мәселең ғой, сен бұрын мемлекетпен ақылдаспадың ғой... 1 миллион [шетел қазағын] шақырдық. Бұлай бірде-бір ел жасамады. Оларға балаларың үйленсін, өссін десек, маған бер дейді. Жұмыс істеңдер! Жұмыс істемесе, ештеңе болмайды" деді ол жиында.

Ал 17 мамырда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Астана экономикалық форумы кезінде: "Мәселен, кеше Астана экономикалық форумы өтіп жатқанда бір топ көп балалы ана шығып, баспана беруді талап етті. Олар көп балалы аналарды мемлекет баспанамен қамтамасыз етуі керек деп санайды. Біріншіден, біз оларға баспана берсек, олар бақытты болып кете ме? Екіншіден, бұл мәселені шеше ме? Мемлекет баспанамен қамтамасыз ету үшін қыруар қаржы бөлуге дайын ба? Бәлкім біз жағдай жасап, соған басымдық беруіміз керек" деген.

Биыл ақпанда Нұр-Сұлтанда уақытша баспанада шыққан өрттен бір отбасының бес қызы қаза тапқан. Осыдан кейін елде көп балалы әйелдер, жалғызбасты әйелдер, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар биліктен жәрдемақыны өсіріп, баспана мәселесін шешуді талап ете бастады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG