Accessibility links

Өзбекстан Қытай азаматтарының елде визасыз бір апта жүруіне рұқсат берді


Ташкент халықаралық әуежайы. Көрнекі сурет.
Ташкент халықаралық әуежайы. Көрнекі сурет.

2020 жылдан бастап Қытай азаматтары Өзбекстанда жеті күнге дейін визасыз жүре алады. Өзбек үкіметінің түсіндіруінше, бұл жергілікті туризмнің дамуына ықпал етуі тиіс.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 12 қыркүйекте қол қойған жарлыққа сәйкес, 2020 жылдан бастап мұндай мүмкіндікті Қытайдың халықаралық әуежайы арқылы елге келген Қытай және Гонконг азаматтары қолдана алады. Егер жолаушы Өзбекстан арқылы басқа елге баруды жоспарласа, онда елде бес күнге дейін визасыз жүре алады.

Сарапшылар осыдан бірнеше жыл бұрын президент болып сайланған Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев билігі тұсында елге келетін шетел азаматтарының саны ұлғайып, 2018 жылы 5,3 миллион адамға жеткенін айтады. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есеге көп. Дерек бойынша, Қытайды есептегенде енді 65 ел азаматтарының Өзбекстанда визасыз жүруіне рұқсат етілген.

Оқи отырыңыз: Орталық Азиядағы "Шенген аймағы"

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG