Accessibility links

Якутияда "әйел зорлау" ісі бойынша айыпталған үш қырғыз азаматы сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей құрамындағы Саха республикасында 12 қыркүйекте қоғамда наразылық туғызған "әйел зорлау ісі" бойынша Қырғызстанның үш азаматына сот үкімі шықты.

"36 жастағы әйелді ұрлап әкетіп, зорлады" деп айыпталған үш азаматтың бірін сот 14 жылға бас бостандығынан айырды. Қалған екі азаматқа "әйелді еркінен тыс күштеп ұстағаны" үшін және "әйел зорлағаны үшін" төрт және алты жыл түрме жазасын берді.

Ресейдің Якутскі қаласында наурыз айында болған "әйел зорлау" оқиғасы қоғамда жаппай наразылық туғызған еді. Наразы жұрт биліктен Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарын елден шығаруды талап еткен.

Сол уақытта Якутскідегі Орталық Азиядан келген мигранттарға тиесілі барлық-дерлік кәсіпорындар жабылып, мигранттар айдайтын автобустар тоқтап қалды. Жаппай наразылық жалғасып жатқан кезде Орталық Азиядан келген мигранттарға бірнеше күн бойы сыртқа шықпай, үйлерінде отыруға кеңес берді.

Оқи отырыңыз: Якутскіде мигранттарға қарсы наразылықтан соң бір топ адам ұсталды

Қиыр Шығыстағы Қырғыз диаспорасының дерегінше, Саха республикасында он мыңға жуық мигрант бар.​

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG