Accessibility links

Дағыстан азаматы өзін полицияда тоқпен азаптағанын айтты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Дағыстан сотында "терроризмді қаржыландырды" деп айыпталған жергілікті тұрғын Магомедамин Вагабов өзін полицияда азаптағанын айтты. Бұл ақпаратты "Кавказский узел" сайты хабарлайды.

Вагабовтың айтуынша, 2018 жылы қаңтар айында оны маска киген адамдар ұстап, полиция бөлімшесіне апарып ұрып-соққан. Тағылған айыпты мойындауға мәжбүрлеп, тоқпен азаптаған.

Сотта Вагабов өзін тағы қинай ма деп қорқып, тағылған айыпты мойындауға мәжбүр болғанын айтқан. Кейіннен жауабынан бас тартып, тағылған айыпты мойындамаған.

Вагабовқа "заңсыз оқ-дәрі сатумен айналысты", "терроризмді қаржыландырды" деген айыптар тағылған. "Кавказский узел" сайтының жазуынша, айыпталушының әкесі Хабиб Вагабов - Дағыстанда 2010 жылы арнайы операция кезінде қаза тапқан содырлардың бұрынғы жетекшісі Магомедали Вагабовтың туысы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG