Accessibility links

Балуан Қорлан Жақанша әлем чемпионатының финалына шықты


Қазақстандық балуан Қорлан Жақанша (сары формада) әлем чемпионатында. Нұр-Сұлтан, 14 қыркүйек 2019 жыл. (Сурет Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің сайтынан алынды).
Қазақстандық балуан Қорлан Жақанша (сары формада) әлем чемпионатында. Нұр-Сұлтан, 14 қыркүйек 2019 жыл. (Сурет Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің сайтынан алынды).

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Қорлан Жақанша грек-рим күресінен 55 келіде әлем чемпионатының финалына шықты. Ол 14 қыркүйекте өткен жартылай финалда 2018 жылғы әлем чемпионы Елдениз Азизлиді (Әзербайжан) жеңді. 27 жастағы Жақанша жартылай финалға дейін Абделкарим Фергатты (Алжир), Макс Новриді (АҚШ) ұтқан. Қазақстан балуаны финалда грузиялық Нугзари Цурцумиямен кездеседі. Финал 15 қыркүйекте өтеді.

Тағы бір қазақстандық балуан Алмат Кебіспаев 63 келіде жартылай финалда Рио олимпиадасының күміс жүлдегері, 2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы жапониялық Синобу Отадан 1:10 есебімен жеңілді. Кебіспаев енді қола медаль үшін белдеседі. Ол жартылай финалға дейін үндістандық Сагардан, қытай балуаны Туо Эрбатудан, түркиялық Рахман Билиджиден басым түскен.

Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионаты 14 қыркүйек-22 қыркүйек аралығында болады. Әлем біріншілігінде 2020 жылы Токиода өтетін олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG