Accessibility links

Алматыда жеңіл көлік қаққан екі адам мерт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Дүйсенбіге қараған түні Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылы мен Мақатаев көшесінің қилысында жеңіл көліп соққан екі адам сол жерде тіл тіртпай кеткен. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оңтүстік бағытқа қатты жылдамдықпен келе жатқан Mercedes автокөлігі светофордың сары шамы жыпылықтап тұрған шақта қиылыстан өтіп кетпекші болған. Жеңіл көлік дәл сол сәтте жолды кесіп өтіп бара жатқан екі бойжеткенді қағып кеткен. Қатты жарақат алған екеуі оқиға орнына дәрігерлер келіп жеткенше қайтыс болған. Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.


Алматы - түрлі жол-көлік апаты жиі тіркелетін қалалардың бірі. Тамыздың соңына қарай қала көшелерінің бірінде түн мезгілінде жолда тұрған үш адамды жеңіл көліктің қағып өткені туралы видео тарап, қоғам назарын аудартқан. Полиция күдіктіні ұстап, "Жол ережесін бұзу", "Жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кету" және "Бұзақылық" баптары бойынша іс қозғаған.

Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің ресми дерегі бойынша, жыл сайын Қазақстанда он мыңға жуық адам жол апатынан мерт болады. Сарапшылардың айтуынша, жол апатына көбіне жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруы және жол сапасы себеп болады. Еуропа одағының статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп болатын елдердің бестігіне енеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG