Допинг қолданғаны анықталған спортшы сыйақыдан айырылмақ
Қазақстан мәжілісі допинг қолданғандарға жазаны күшейтетін заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдады. Егер заң қабылданса, допингпен ұсталған спортшылар мемлекет берген пәтері мен сыйақысын қайтарып береді.