Accessibility links

Тілеуберді - сыртқы істер министрі, Атамқұлов индустрия министрі болды


Бейбіт Атамқұлов.
Бейбіт Атамқұлов.

18 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметте ауыс-түйіс жасады. Президент жарлығымен Мұхтар Тілеуберді сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Тілеуберді бұған дейін осы министрлікті басқарған Бейбіт Атамқұловтың орынбасары болған. Ал Атамқұлов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне ауысты.

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары қызметіне барды.

Бұдан бөлек, Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министр кеңсесінің жетекшісі болып тағайындалды.

Бұл тағайындаулардың алдында ғана Ерлан Қошановтың Қазақстан президенті әкімшілігіне жетекшілік ететіні, ал осыған дейін президент әкімшілігін басқарған Қырымбек Көшербаев мемлекеттік хатшы болып тағайындалған. Мемлекеттік хатшы лауазымында отырған Марат Тәжин "басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды". Тәжиннің қандай қызметке орналасқаны әзірге белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG