Accessibility links

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болды


Жеңіс Қасымбек.

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 19 қыркүйекте Ақорда хабарлады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған қаулыда "Қасымбек премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылсын" деп жазылған. Қарағанды облысының әкімі қызметіне Қасымбекті Тоқаев ұсынған.

44 жастағы Жеңіс Қасымбек биыл тұрмыс тарлығына шағынған көп балалылар наразылығы күшейіп тұрғанда, ақпан соңында отставка кеткен Бақытжан Сағынтаев үкіметі кезінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі еді. Сағынтаев кабинеті отставкаға кеткен соң Қасымбек премьер-министр орынбасары қызметіне тағайындалған.

Қасымбек әкім болып барған Қарағанды облысын бұған дейін Ерлан Қошанов басқарған. Кеше, 18 қыркүйекте Қошанов Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG