Accessibility links

Ресей қалаларында эконаразылық өтіп жатыр


Новосибирскідегі наразылық.

Жергілікті билік рұқсат еткен пикеттер мен митингілер Ресейдің 20 қаласы мен елді мекенінде өтіп жатыр.

Бір ғана Архангельскі облысында оннан астам акция өтті, онда экобелсенділер Шиес станциясында ірі қалдық полигонын ашуға қарсылық танытты. Жақында осыған ұқсас акциялар Мәскеу, Новосибирскі, Владивосток және Сібір мен Қиыр Шығыстағы бірқатар қалаларда болған.

"Шиес полигоны" мәселесі Ресейдің өзге аймағында өткен наразылықтарда да айтылды. Бұл жалпыресейлік акцияның негізгі тақырыптарының бірі.

Бұл шара жұма, 20 қыркүйекте өткен климаттың өзгеруіне байланысты Дүниежүзілік акциямен сабақтас. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен миллионнан астам адам (арасында студенттер, мектеп оқушылары да бар) қатысып, биліктен ғаламдық жылынумен күрес бойынша кешенді шара қолдануды талап етті. Ең ірі акция АҚШ-та өтті. Оған швед оқушысы, атақты экобелсенді Грета Тунберг қатысты.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Митингіде ұсталғандар “полициядан таяқ жегендерін” айтады
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:43 0:00
XS
SM
MD
LG