Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысында автобус аударылып, төрт адам зардап шекті


Шығыс Қазақстан облысының картасы.
Шығыс Қазақстан облысының картасы.

Шығыс Қазақстан облысында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам зардап шекті. Бұл ақпаратты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

Оқиға 25 қыркүйекте таңертеңгі сағат 6.20 шамасында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Айғыржал ауылы маңындағы Алматы - Өскемен трассасының 812-шақырымында болған. Автобуста екі жүргізушіні есептегенде барлығы 25 адам болған.

Министрліктің баспасөз қызметінің дерегінше, жүргізуші автобусты айдап келе жатып ұйықтап қалған. Әзірге полиция оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді.

Еуропа Одағының статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп болатын елдердің бестігіне енеді. Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің ресми дерегі бойынша, жыл сайын Қазақстанда он мыңға жуық адам жол апатынан мерт болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG