Accessibility links

"Шекарасыз тілшілер" ұйымы ресейлік журналистке "қысым жасалды" деп санайды


Ресейлік журналист Светлана Прокопьева (ортасында).
Ресейлік журналист Светлана Прокопьева (ортасында).

"Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders) баспасөз қорғау ұйымы Ресей билігін журналист Светлана Прокопьеваның үстінен қозғалған істі жабуға шақырды.

Бас кеңсесі Парижде орналасқан сөз бостандығын қорғау ұйымы 25 қыркүйекте таратқан мәлімдемесінде "терроризмді ақтай сөйледі" деген айыпталған Прокопьева жеті жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін" деп жазады .

Ұйымның жазуынша, Ресейдің Псков қаласында тұратын журналистің төлқұжатын тартып алып, банктегі есепшотын бұзған. Қазір құқық қорғау органдарының бақылауында отырған Прокопьеваны сот шешімі шықпай тұрып террористер қатарына қосып, кінәсіздік презумпциясын бұзған".

"Кәсіби міндетін атқарғаны үшін қуғындау - масқара жағдай. Бұл - ресейлік БАҚ-ты одан әрі қорқытып-үркітудің амалы" деп бағалайды ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бөлімшесінің жетекшісі Джохан Бир.

2014 жылдан бері Азаттықтың Орыс қызметінің (Радио Свобода) Псков қаласындағы штаттан тыс тілшісі болып істейтін Светлана Прокопьеваның үстінен қылмыстық іс 2018 жылы қарашада қозғалған.

Журналист "Эхо Москвы в Пскове" радиосы эфирі кезінде Архангельскіде Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) ғимараты маңында болған терактінің себептері туралы пікірін білдірген. Ол ФСБ аймақтық басқармасына шабуыл жасап қаза тапқан 17 жастағы азаматтың мұндай іске баруына "саяси режимнің қысастық көрсеткен іс-әрекеттері және ресейлік жастар арасында кең тараған "күдер үзу" сезімі себеп болуы мүмкін" деп топшылаған. Кейін бұл пікірі "терроризмді ақтау" деп бағаланып, іс қозғалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG