Accessibility links

Иран Британия танкерін жіберді


Stena Impero Бендер-Аббас портында тұр. 21 шілде 2019 жыл.
Stena Impero Бендер-Аббас портында тұр. 21 шілде 2019 жыл.

Британияның Stena Impero мұнай танкері 27 қыркүйекте Иранның Бендер-Аббас портынан Ормуз бұғазына қарай шықты. Бұл туралы халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады.

Танкерді шілдеде Иран әскери күштері басып алған еді. 23 қыркүйекте Иран билігі экипажға қатысты тергеу аяқталған соң ғана Stena Impero танкерін жіберетінін мәлімдеген.

19 шілдеде Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының теңіз күштері танкерді тоқтатып, портқа әкелген. Тегеран танкерді "халықаралық теңіз шекарасын бұзды" деп айыптаған. Бортта экипаждың 23 мүшесі болған. Олардың арасында Ресей, Латвия, Үндістан, Филиппин азаматтары бар.

Бұл оқиға Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтырды. Ал 4 шілдеде Гибралтар АҚШ билігінің сұрауымен Иранның "Грейс 1" танкерін ұстады. АҚШ Иран танкері "халықаралық санкцияларды айналып өтіп, Сирияға мұнай тасымалдады" деп айыптады. Тамыздың ортасында Гибралтар Иранның мұнай танкерін жіберді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG