Accessibility links

Наманганда сақалға қарсы науқан жүріп жатқаны хабарланды


"Чорсу" базары

Өзбекстанның Наманган қаласында билік өкілдері "Чорсу" базарын аралап, сақалы бар ер адамдардан қырынуды талап еткен. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

Сатушылардың айтуынша, базарға жай киім киген адамдар келіп, өздерін "ішкі істер органынанбыз" деп таныстырған. Олар 22 қыркүйектен бері базарды аралап сақалы барларды тоқтатып тексеріп жатыр. Кейбірін бөлімшеге әкетіп, сақалын қырғызған. Ал кейбіреулерге ескерту жасаған. Кейбір ер адамдар сақал қыру шариғат заңдарына қарсы екенін айтқан.

Наманган облыстық және қала полициясы бұл науқанға қатысты пікір білдірмеді.

Биыл 23-24 тамызда құқық қорғау органының қызметкерлері Ташкенттегі "Малика" базарында рейд жүргізіп, сақалды ондаған азаматты ұстаған. Полиция бөлімшесінде олардың сақалын алып, босатқан. Ташкент қалалық ішкі істер бас басқармасы сақал "ақылды" камералардың жұмысына кедергі келтіреді деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: "Базардан әкетіп, сақалын қырғызып тастады"

Өзбекстанда "сақалға қарсы науқан" осыдан жиырма жылдан астам уақыт бұрын, билікте Ислам Каримов отырған кезде басталған еді. 1999 жылы Өзбекстанда үкімет ғимараттарын нысана еткен бірнеше жарылыстан кейін билік қоғамдық орындарда сақал қойып және хиджаб тағып жүруге тыйым салынған. Каримов өлімінен кейін президент болған Шавкат Мирзияев тұсында да билік дінді бақылауында ұстап отыр.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Митингіде ұсталғандар “полициядан таяқ жегендерін” айтады
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:43 0:00
XS
SM
MD
LG