Accessibility links

Полиция: Шамалғанда жол апатынан екі адам қаза болды


Алматы облысының картасы.

Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында жеңіл көлік жолдан шығып кетіп, өзенге құлады. Жергілікті жол полициясы 31 және 37 жастағы екі ер адам қаза болғанын хабарлады.

Жол апаты 3 қыркүйекте таңғы сағат 9:30 шамасында болған.

Интернетте жарияланған видеода арнайы техниканың судан көлікті шығарып жатқаны көрінеді. Видеода көлік салонында адамдар бар екені айтылады.

Полиция "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы (345-бап) бойынша қылмыстық іс қозғады.

15 қыркүйекте кешке Шамалған станциясында пойыз автобусты соғып, бір адам қаза болып, үш адам жараланған. Бұл оқиғада түрлі қоғамдық пікір туғызып, темір жол өткелінде көпір салу мәселесі қызу талқыланды.

Еуропа Одағы статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп елдердің бестігіне енеді. Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда жыл сайын он мыңға жуық адам жол апатынан қаза болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG