Accessibility links

Александр Винокуров Ironman жарысында жеңді


Мәре сызығына бірінші болып жеткен Александр Винокуров Лондондағы олимпиада кезінде. 28 шілде 2012 жыл.
Мәре сызығына бірінші болып жеткен Александр Винокуров Лондондағы олимпиада кезінде. 28 шілде 2012 жыл.

2012 жылғы Олимпиада чемпионы велошабандоз Александр Винокуров триатлон бойынша өткен Ironman чемпионатында 45-49 жас аралығындағы спортшылар арасында әлем чемпионы атанды.

Үш кезеңнен құралған (жүзу, веложарыс және жүгіруден) жарыста Винокуров 3,8 шақырымды 1 сағат 9 минут 6 секунд уақытта жүзіп өтіп, 180 шақырым жерді велосипедпен 4 сағат 21 минут 6 секундта жүріп өткен. Жүгіру марафонын 3:12:17 көрсеткішпен аяқтаған. Жарыстың үш кезеңіне барлығы 8 сағат 48 минут 24 секунд жұмсаған. Спортшы өткен жылы да Ironman-ге қатысқан, бірақ ол кезде алтыншы орын алған.

Германия спортшысы Ян Фродено (көрсеткіші 7:51:13) жарыстың абсолютті чемпионы атанды. Әйелдер арасынан Германия спортшысы Анне Хауг (8:40:10) үздік спортшы ретінде танылды.

Қыркүйек айында Бельгия прокуратурасы 46 жастағы Александр Винокуровқа "сыбайлас жемқорлық" бойынша айып тағылғанын хабарлап, оны алты айға соттауды сұраған. Прокуратура 2010 жылы сәуір айында болған "Льеж – Бастонь – Льеж" веложарысы кезінде Винокуров "жеңіске таласпауы үшін ресейлік спортшы Александр Колобневке 150 мың еуро берген" деп болжайды. Прокуратура Колобневке 50 мың еуро көлемінде айыппұл салуды сұраған. Ал спортшылардың адвокаттары айыптың негізсіз екенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG