Accessibility links

Өзбекстанда нан бағасы қырық бес пайызға дейін қымбаттайды


Нан таратушы өзбек жігіті. Көрнекі сурет.
Нан таратушы өзбек жігіті. Көрнекі сурет.

Өзбекстанда таяуда бір бөлке нанның бағасы қымбаттап, 1500 сумға (16 АҚШ центі) жетеді. Бұл туралы хабарлаған Kun.uz ақпарат құралының жазуына қарағанда, нанның қымбаттауына астық пен ұн бағасының еркін айналымға жіберілуі себеп болған.

Соның нәтижесінде 1 кг ұн бағасы 1400 сумнан 2000-2500 сумға дейін көтерілген.

Басылымға ақпарат берген дереккөздің хабарлауына қарағанда, тұрмысы нашар және көп балалы отбасыларға айына 50 мың сумға дейін өтемақы төленуі мүмкін. Қазір республика бойынша барлығы 1,6 миллионға жуық адам өтемақы алады. Мемлекет әрбір адамға ай сайын 22,5 мың сум өтемақы береді.

Өзбекстанда нан бағасы соңғы рет 2018 жылдың қыркүйегінде қымбаттаған. Оған дейін бөлке нан бағасы ұзық жыл бойы 600-650 сум болған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG