Accessibility links

"Қытайдан қашқан" екі қазақтың үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды


"Қытайдан қашып келген" қазақтар Қастер Мұсаханұлы (сол жақта) мен Мұрагер Әлімұлы (оң жақта) баспасөз мәслихатында отыр. Алматы, 14 қазан 2019 жыл.

ҰҚК шекара қызметі "қазақ-қытай шекарасын кесіп өтіп, Қазақстанға келген" Шыңжаң қазақтары Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханұлының үстінен сотқа дейін тергеу бастады. Бұл туралы ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шекара қызметінің хабарлауынша, Әлімұлы мен Мұсаханұлының үстінен сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1 бөлігі, яғни "Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өту" бабы бойынша жүріп жатыр.

ҰҚК Мұсаханұлы жылқы ұрлығына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен қашып, 2006 жылы 21 маусымда қазақ-қытай шекарасын бұзғанын мәлімдеді. "Сол кезде ол Қытайға қайтарылған" деп мәлімдеді шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Шекара қызметі Әлімұлы мен Мұсаханұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу халықаралық құқықтар мен Қазақстан заңына сай жүріп жатқанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: "Қытайдан қашқан" екі қазақтың хикаясы

30 жастағы Қастер Мұсаханұлы мен 25 жастағы Мұрагер Әлімұлы Дөрбілжің аймағынан жолға шығып, 1 қазанда Қытай шекарасынан өткендерін айтқан. Өздерінің айтуына қарағанда, қазақ-қытай шекарасы аралығындағы бейтарап аумақта бес күндей жүріп, қазанның 6-сы күні Шығыс Қазақсан облысының Зайсан, Шілікті, Маңырақ ауылдарының тұсынан Қазақстанға өткен. Кейін жолай такси жалдап, 10 қазанда қазанда Алматыға "келген".

14 қазанда Алматыдағы адам құқығын қорғау бюросында өткен баспасөз мәслихатында Қастер Мұсаханұлы Шыңжаңдағы лагерьде қамауда отырып шыққанын, ал Мұрагер Әлімұлы сол жақта қысым көргенін айтқан. Баспасөз мәслихатынан кейін оларды шекара қызметінің өкілдері алып кеткен.

Оқи отырыңыз: Шыңжаңдағы жағдай жайлы барлық мақала

15 қазанда Әлімұлы мен Мұсаханұлын Шекара қызметі тергеу амалдары үшін Шығыс Қазақстанға жеткізген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNEWS 26.02.2020
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:15 0:00
XS
SM
MD
LG