Accessibility links

"ҚДТ-ға қатысты" деп айыпталған отставкадағы полиция майорының бостандығы бір жылға шектелді


Отставкадағы полиция майоры Болатхан Жүнісов (ортада) бостандыққа шыққан соң қорғаушылары - қызы Лаура Жүнісовамен және адвокат Ғалым Нұрпейісовпен бірге тұр. Талдықорған, 21 қазан 2019 жыл.
Отставкадағы полиция майоры Болатхан Жүнісов (ортада) бостандыққа шыққан соң қорғаушылары - қызы Лаура Жүнісовамен және адвокат Ғалым Нұрпейісовпен бірге тұр. Талдықорған, 21 қазан 2019 жыл.

Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қалалық соты «Қазақстанда демократиялық таңдауы қозғалысына» қайтысты деп айыпталған полицияның 68 жастағы отставкадағы майоры Болатхан Жүнісовтің бостандығын бір жылға шектеу туралы шешім шығарды.

Биыл ақпанда осыған ұқсас айыппен 12 айға бас бостандығы шектелгенін ескере отырып, шектеу мерзімін бір жыл төрт айға ұзартты. Судья Бейбіт Тұрысов 5 шілдеден бері қамақтан отырған Жүнісовті сот залынан бостандыққа шығару туралы қаулы алды.

Судья Тұрысовтың түсіндіруінше, айыптау үкімі Жүнісовтің қандай да бір сеніміне емес, оның қылмыстық құқық бұзушылығына орай шығарылған.

Жарыссөз барысында, 18 қазанда прокурор Марат Әбуев Жүнісовтің бостандығын екі жылға шектеуді сұраған. Оның айтуынша "бұрын да осыған ұқсас жауапкершілікке тартылған Жүнісов одан тиісті қорытынды шығармаған"

"Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына қатысты" деп айыпталған 68 жастағы отставкадағы майор Болатхан Жүнісов Талдықорғанда өтіп жатқан сотта, бүгін соңғы сөзін сөйлеген.

Тергеу органдарының дерегінше, 2019 жылы 7 сәуір мен 5 шілде айы аралығында Жүнісов Facebook желісінде қозғалысты қолдап, посттар жариялаған. Шілде айында жергілікті тұрғындар арасында ҚДТ жайлы үгіт-насихат жүргізіп, 6 шілде күні орталық алаңға рұқсат етілмеген митингіге шығуға шақырған. Ақшалай сыйақы да ұсынған.

Жүнісов өзінің ҚДТ-ға қатысы жоғын, одан ақша алмағанын, бірақ ҚДТ-ның кейбір идеялары ұнайтынын айтады. Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Аблязов құрған "Қазақстан демократиялық таңдауы" ұйымына Қазақстанда тыйым салынған.


  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG