Accessibility links

Сербия ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құру жөнінде келісімге қол қойды


Сербия премьер-министрі Ана Брнабич ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құру жөнінде келісімге қол қойып жатыр. Мәскеу, 25 қазан 2019 жыл.
Сербия премьер-министрі Ана Брнабич ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құру жөнінде келісімге қол қойып жатыр. Мәскеу, 25 қазан 2019 жыл.

25 қазанда Сербия Еуразия экономикалық одағымен (ЕАЭО) еркін сауда аймағын құру жөнінде келісімге қол қойды. Сербияның премьер-министрі Ана Брнабичтің Мәскеуге сапары кезінде қол қойылған құжат Белград пен Ресей, Беларусь, Қазақстан арасындағы бұған дейінгі жасалған келісімді алмастырады. ЕАЭО-ның өзге мүшелері Армения және Қырғызстанмен Сербия арасында мұндай келісім жоқ.

Сербияның сауда министрлігінің айтуынша, құжат серб өнімдерінің 95,5 пайызын ЕАЭО елдеріне баж салығынсыз экспорттауға мүмкіндік береді. Өткен жылы Сербия мен ЕАЭО елдері (180 миллионнан астам адам) арасындағы тауар айналымы 3,4 миллиард долларды құраған.

Медведев: Сербия ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құру жөнінде келісімге қол қояды

Еуропа Одағы құрамына енуге ұмтылатын Сербия Ресеймен де тығыз қарым-қатынас орнатқан. Кейбір бақылаушылардың пікірінше, Ресей постсоветтік кеңістікте Мәскеу ықпалын күшейту үшін және ЕО мен НАТО-ға қарсы төтеп беру мақсатында ЕАЭО-ны құрал ретінде қолданады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG