Accessibility links

Иракта наразылық кезінде ондаған адам қаза тапты


Бағдадтағы шеру. 26 қазан 2019 жыл.
Бағдадтағы шеру. 26 қазан 2019 жыл.

Иракта үш күннен бері наразылық жалғасып жатыр. Соңғы екі күнде полициямен қақтығыс кезінде 63 адам қаза тапты, олардың 10-ы Бағдад тұрғындары деп хабарлады құқық қорғаушылар. Зардап шеккендер саны мыңға жуықтайды .

Полицияның наразыларды таратуға шамасы жетпегендіктен премьер-министр Әділ Абдул Махди сенбі, 26 қазанда элиталық жасақты көшеге шығарды. Ондаған адамның ұсталғаны хабарланды.

Бағдадтың оңтүстік-шығысындағы Эн-Насирия қаласында да ірі қақтығыс болған.

Иракта билікке қарсы акциялар бірнеше апта бұрын басталған. Сарапшылар наразылықтың екінші толқыны алдыңғысына қарағанда тегеурінді екенін айтады. Наразылық басталғалы бері шамамен 200 адам қаза тапқан. Наразылыққа мұнайға бай мемлекеттегі жемқорлық, жұмыссыздық пен қоғамдық қызмет сапасының нашарлығы себеп болды. Ирак билігі наразылардың талаптарын ескеруге уәде беріп, наразыларға артық күш қолданғанын мойындады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG