Accessibility links

Ресей АҚШ-тың әскери атташесі мінген ұшақты себепсіз кідірткен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей АҚШ-тың әскери атташесі мінген ұшақты себепсіз кідірткен. Бұл ақпаратты Американың The New York Times басылымы хабарлады. Басылымның жазуынша, оқиға тамыз айында болған, бірақ ол жайлы қазір ғана белгілі болып отыр.

АҚШ-тың Ресейдегі әскери атташесі науқастанып, Германияға ауруханаға шұғыл түрде ұшпақ болған. Дипломатиялық хаттама бойынша, лауазымды тұлғалар осы сияқты төтенше жағдай кезінде шұғыл ұшып кете алады. Алайда АҚШ өкілі мінген ұшақ АҚШ елшілігі мен мемлекеттік департамент қызметкерлерінің наразылығына қарамастан бірнеше сағатқа кідірген.

Ақырында Ресей жағы атташенің ұшуына рұқсат берген, бірақ оны не үшін "ұстағанын" түсіндірмеген. The New York Times басылымы оқиғаны "Ресейдің америкалық дипломаттарды қуғындау кампаниясының" бір көрінісі деп атады.

АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілдері оқиғаны растады. Алайда ведомство оқиғаның жай-жапсарын айтудан бас тартты. Бұл жайтқа байланысты түсініктеме берген Ресейдің сыртқы істер министрлігі ұшақтың кешігіп ұшуын "шекаралық бақылау кезіндегі тексеру шараларымен" байланыстырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG