2014 жылдың көктем айларынан бері Донбастағы қақтығыстан 3300 адамнан астам бейбіт тұрғын көз жұмған.
БҰҰ-ның хабарлауынша, қақтығыс кезінде шамамен тоғыз мың адам жараланған, бір миллион 300 мың адам Украинаның басқа аймағына көшуге мәжбүр болған.
Ұйым сарапшыларының дерегінше, қақтығыстың кесірінен 427 шақырымға созылған "түйісу сызығы" пайда болып, тұрғындар негізгі қызмет түрлерін пайдалану мүмкіндігінен айрылған. БҰҰ дерегінше, қазір 3,5 миллион адам көмекке мұқтаж.
ПІКІРЛЕР