Accessibility links

Джонсон Брекзит жайлы уәдесін орындай алмағанына кешірім сұрады


Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Британияны қазанның 31-іне дейін Еуродақтан шығарамын деген уәдесін орындай алмағаны үшін партияластарынан кешірім сұрады. Консерваторлар партиясы биыл жазда Джонсонды жетекші етіп сайлаған еді, соның арқасында ол премьер-министр болған.

Джонсон бұрын Брекзитті кейінге қалдыруға "өлсем де жол бермеймін" деп уәде берген.

Джонсон Брекзиттің тағы да кейінге шегерілуін "зор өкініш" деп бағалады. Жексенбіде Sky News телеарнасына берген сұқбатында ол Брекзит төңірегінде қалыптасқан жағдайдан шыға алмағанын айтты. Британия парламенті Брекзитті шегеруді сұрауға мәжбүрлейтін арнайы заң қабылдаған еді. Осы заңға байланысты Брекзитті шегеруді сұраған Джонсон мұны өз еркімен істемегенін, тіпті Брюссельге жіберген хатқа өзі қол қоймағанын түсіндірді.

Еуродақ Брекзитті 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартқан, ал британ парламенті Джонсонның ұсынысымен 12 желтоқсанға қауымдар палатасының мерзімінен бұрын сайлауын белгілеп қойған.

Премьер уәдесін орындай алмағанына қатты өкінетінін мәлімдей отыра, Британияның Еуродақтан шығуы туралы Еуродақпен келісімге қалай болғанда да биыл қазан айында қол жеткізгенін айтты. Ол консерваторларды өзін қолдауға шақырды. Егер көпшілік дауыс ала қалса, Британия осы келісім бойынша Еуродақтан шығады, әйтпесе Брекзит тағдыры беймәлім боп қала береді деп санайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG