Accessibility links

ЮНИСЕФ: Тәжікстанда үш мыңға жуық "белгісіз бала" анықталды


Тәжікстандағы ауыл мектебі. Көрнекі сурет.
Тәжікстандағы ауыл мектебі. Көрнекі сурет.

Туу туралы куәлігі жоқ мыңдаған тәжік баласы әлеуметтік жеңілдіктерден тыс қалған. Бұл ақпаратты ЮНИСЕФ-тің Тәжікстандағы өкілдігі хабарлады. БҰҰ-ның балалар қоры мен Тәжікстан үкіметінің "Көші-қон әсеріне ұшыраған балаларды қорғау" деп аталатын жобасы барысында үш мыңға жуық "белгісіз бала" анықталған.

Тәжік билігі туу туралы куәлік беретін орынға ата-аналар келмейтінін айтады. Көптеген ата-аналар отбасын асырау мақсатында жұмыс іздеп, шетелге кеткен. Кейбір тәжік мигранттары тек соңғы жылдары ғана отбасын Ресейге бұрынғыдан жиірек әкете бастаған.

Құқық қорғаушылардың сөзінше, еңбек мигранттарының балалары ата-анасын жылдар бойы көрмейді, мектепті тастап кетеді, өзге туыстарының кемсітуіне, өзге де зорлық-зомбылықтарға ұшырайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG