Accessibility links

Боливия оппозициясының сенаторы өзін уақытша президент деп жариялады


Боливия президенті сайлауының ресми нәтижесін мойындамағандар қарсылыққа шықты. Ла - Пас. 11 қараша 2019 жыл.
Боливия президенті сайлауының ресми нәтижесін мойындамағандар қарсылыққа шықты. Ла - Пас. 11 қараша 2019 жыл.

Боливия оппозициясының сенаттағы жетекшісі Жанин Аньес өзін Боливияның уақытша президентімін деп жариялады. Бұл ақпаратты Reuters жаңалықтар агенттігі жариялады.

Reuters жазуынша, Аньес кворум болмағанына қарамастан өзіне мемлекет басшысының өкілетін алған. Оппозиция қысымынан кейін орнынан түсіп, Мексиканы паналаған бұрынғы президент Моралестің "Социализмге қарай қозғалыс" атты партиясының сенаторлары парламент отырысына бойкот жариялаған.

Боливияның конституция соты бұған дейін "билік президент орнынан түскендіктен ауысып жатқанын, сондықтан сенаттың шешімі қажет еместігін" мәлімдеген. Осылайша Боливия президентінің өкілеті Жанин Аньеске өтті деп таныған. Ал Мексиканы паналаған Эво Моралес Twitter арқылы "өзін өзі жариялаған президенттің әрекеті заңға сай емес" деп айыптаған.

Боливия астанасы Ла-Паста Жанин Аньес пен бұрынғы президент Моралесті жақтаушылар арасында қақтығыс басталды.

10 қарашада Моралес президент қызметінен түсетінін жариялады. "20 қазандағы президент сайлауында заң бұзылды" деп қарсылық акциясына шыққан күштерден сескенген Моралес бастапқыда сайлауды қайта өткізуге уәде бергенімен, артынша президент қызметінен де түскен еді. Боливия сайлау комиссиясы мен соты Моралес "президент сайлауының бірінші турында жеңіске жетті" деп мойындап та қойған болатын. Оппозиция кандидаты Карлос Меса сайлаудың ресми нәтижесін мойындамай, жақтастарын жаппай қарсылыққа шақырған. Полициямен қақтығыс кезінде үш адам өлген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG