Accessibility links

Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкерлері ректорды сайлауды талап етті


Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий.
Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий.

Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттері, аспиранттары мен оқытушылары ашық хат жариялап, университет ректорын сайлау құқығын қайтаруды талап етті. Хат авторларының сөзінше, қарапайым қызметкерлер оқу орнының жұмысына ықпал ете алмайтын болғалы Мәскеу мемлекеттік университетінде ғылыми зерттеу, шығармашылық атмосфераға кері әсер ететін "жаппай бақылау, сөз тасуды ынталандыру, жаппай күдікпен қарау белең алған".

"Мәскеу мемлекеттік университетінің автономиясын өз бетімізбен қайтара алмаймыз, өйткені елдегі кез келген өкілді биліктен айырылғанбыз. Біз "аяғымызбен" ғана дауыс бере аламыз, университеттің жүздеген түлектері, аспиранттары мен қызметкерлері ғылыми зерттеумен айналысу үшін шетелге кетіп жатыр. Біз мұнан әрі үнсіз қала алмаймыз. Бұл үндеуімізді депутаттарға, сенаторларға, министр мен президентке дейін қолында билігі бардың бәріне, азаматтық қоғамға арнап отырмыз. "Мәскеу мемлекеттік университеті туралы" федералды заңды өзгертсін: ММУ ректорын ұжым сайласын; ұжымға университет жарғысын дербес бекіту құқығы берілсін; оқуға, ғылыми жұмыспен шұғылдануға жағдай жасалсын" дейді ашық хат авторлары.

Мемлекеттік думаның білім саласы бойынша комитеті 14 қарашада Мәскеу мемлекеттік университетінің 65 жастан асқан (ректор қызметін атқарушының шекті жасы) ректорының өкілетін Ресей президентінің бірнеше қайтара ұзартуына мүмкіндік беретін түзетуді мақұлдауды сұраған.

Мәскеу мемлекеттік университетінің 80 жастағы ректоры Виктор Садовничийдің өкілеті 2019 жылы желтоқсанда аяқталады. Мәскеу мемлекеттік университетінің ректорын сайлау 2009 жылы тоқтатылған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG