Accessibility links

Ресейдің Олимпиадаға қатысуына тағы тыйым салынуы мүмкін


Ресей спортшылары Пхенчхан олимпиадасының ашылуы кезінде. 9 ақпан 2018 жыл.
Ресей спортшылары Пхенчхан олимпиадасының ашылуы кезінде. 9 ақпан 2018 жыл.

Ресейдің Олимпиадаға қатысуына тағы тыйым салынуы мүмкін. Дүниежүзілік допингіге қарсы агенттік (WADA) Ресейдің допингіге қарсы агенттігін (РУСАДА) мәртебесінен айыруға кеңес берді.

WADA-ның хабарлауынша, агенттікке қарасты Жарамдылықты анықтау комитеті (CRC) атқару комитетіне хат жолдап, 9 желтоқсанда Парижде өтетін жиыны кезінде РУСАДА-ны мәртебесінен айыруға кеңес берген. Егер атқару комитеті РУСАДА-ны "жарамсыз" деп таныса, онда Ресей 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысудан шеттетіледі және өзге де санкцияға ұшырауы мүмкін.

2014 жылы Сочидегі олимпиада кезіндегі допинг дауынан кейін бекітілген ережеге сәйкес, Ресей спортшылары кез келген жазалау туралы шешімді Спорт бойынша арбитраж сотына жүгіне алады. Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) WADA немесе соттың шешімін орындауы тиіс.

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах осы аптада жаппай тыйым салуды қолдамайтынын жеткізген. Ереже бойынша, белгілі бір мемлекеттің спортшыларының "өрескел" ереже бұзғаны анықталса, осы мемлекет атынан қатысатын барлық спортшы Олимпиада ойындарына қатысудан шеттетіледі.

2018 жылы Оңтүстік Кореядағы Пхенчхан қысқы олимпиада ойындары кезінде Ресей жарысқа қатысу құқығынан айрылды, бірақ ХОК Ресейдің 170 атлетін тәуелсіз спортшы ретінде ойынға қатысуына рұқсат етті. Сарапшылар бұл жолы да осыған ұқсас жағдай қайталануы мүмкін деп болжайды.

Мәскеудің допингіге қарсы зертханасы допинг сынамаларын өзгерткен болуы мүмкін деген күдікке ілінгеннен кейін қыркүйек айында WADA бұл істі қайта қолған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG