Accessibility links

Трамптың бұрынғы кеңесшісі: Ақ үй Twitter-ге кіруіме кедергі жасады


АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Джон Болтон. Вашингтон, 30 қыркүйек 2019 жыл.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Джон Болтон Twitter-ге оралды. Отставкаға кеткен күннен бастап (10 қыркүйек) шамамен екі жарым ай бойы оның Twitter-дегі аккаунты жаңармады.

10 қыркүйекте президент Дональд Трамп "кеңесшімен біраз мәселелер бойынша келіспейтінін" айтып, оны отставкаға жібергенін хабарлаған. Көптеген бақылаушылар мұндай шешімді күтпеген.

Жұма, 22 қарашада Болтон Twitter-де әлеуметтік желіге оралғанына қуанышты екенін жазып, осы уақыт бойы желіге кіре алмай келгенін айтты. Болтонның сөзіне қарағанда, Ақ үй оның отставкасынан кейін Twitter-дегі аккаунтына кіруіне тосқауыл жасаған. Ол Twitter корпорациясының көмегімен желіге оралғанын жеткізді. Болтон Ақ үй "бірнәрсені айтып қояды" деп қауіптенгендіктен солай істеді деп топшылайды.

Ақ үй өкілі Болтонның аккаунтына кіруге тосқауыл қоймағанын айтты, ал Twitter корпорациясы түсініктеме беруден бас тартты.

Трамп пен Зеленскийдің телефон әңгімесіне байланысты туындаған даудың сәл алдында ғана Болтон отставкаға кеткен еді. Оның отставкасының Украинаға қатысы бар ма, жоқ па, белгісіз.

Трамптың Зеленскиймен телефон әңгімесі Трампқа импичмент жариялау бойынша зерттеуді бастауға түрткі болды. Демократтардың шақыруына қарамастан Болтон конгресс тыңдауында жауап берген жоқ. Бұған дейін Болтонның заңгерлері егер сот міндеттесе, Болтонның жауап беруге дайын екенін айтқан. Болтонның адвокаты жақында Трамптың бұрынғы кеңесшісінде АҚШ президенті әкімшілігінің Украинамен қатынасына қатысты құнды ақпарат бар деп айтқан. Өкілдер палатасындағы ашық тыңдау аяқталса да, Болтон жауап бермейді деп кесіп айтуға әлі ертерек. Болтонның қоластында істеген кейбір бұрынғы қызметкерлердің айтуынша, Украинамен байланыста Трамп заңгері Руди Джулианидің атқарған рөліне Болтонның көңілі толмаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 11.12.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:15 0:00
XS
SM
MD
LG