Accessibility links

Лондонда "шабуыл жасаған" күдікті бұрын терроризм бойынша сотталған


Лондон көпірі маңын тексеріп жүрген полицейлер. 29 қараша 2019 жыл.
Лондон көпірі маңын тексеріп жүрген полицейлер. 29 қараша 2019 жыл.

29 қарашада Лондон көпірінде екі адамды өлтірді деп күдікке ілінген адам бұрын "терроризм бабы" бойынша сотталған. Бұл ақпаратты британ полициясы хабарлады.

"Билік ол адамды біледі, ол 2012 жылы терроризммен байланысты қылмысы үшін сотталған. 2018 жылы желтоқсан айында қолхатпен түрмеден босатылған" деді комиссар көмекшісі Нейл Басу.

29 қарашада күндіз Лондон көпірінде ер адам айналасындағы адамдарға пышақпен шабуыл жасап, бірнеше адамды жаралаған. Олардың екеуі ауруханада көз жұмды.

Полиция шабуылдаушының аты-жөнін Усман Хан деп көрсетеді. Оның жасы 28-де. Билік бұл іс бойынша өзге күдіктіні іздемегенмен Лондон көпірінде болған террористік шабуылға өзге адамдардың қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны да тексеріп жатыр. Полицияның айтуынша, шабуылдаушыны полиция атып өлтірген. Күдікті өзін-өзі жаратын адамның жилетіне ұқсас киім киген.

Полиция күдіктінің Стаффордширдегі үйін тінтіген. Күдікті жайлы өзге ақпарат айтылмайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG