Украина президенті Владимир Зеленский 8 желтоқсанда бүкіл ел бойынша қаралы күн деп жариялады. 4 желтоқсанда Одесса экономика, құқық, қонақүй мен мейрамхана бизнесі колледжінде өрт болып, 10 адам қаза тапқан.
Жексенбі Украинада мемлекеттік ту төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары мен концерттер тоқтатылады. Телеарналар мен радиолардың бағдарламаларына да өзгеріс енгізілді.
Одесса облысы полициясы колледждегі өрттен кейін қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлады.
7 желтоқсанда Одессада өрт болған колледж маңына адамдар жиналып, наразылық білдірді. Олар өрттің себебін анықтауды, салақтыққа жол бермеуді талап етті.
ПІКІРЛЕР