Accessibility links

Қырғызстанда он айда бес мыңнан астам зорлық-зомбылық тіркелген


2019 жылдың он айында Қырғызстанда 5185 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген. Бұл статистиканы елде өтіп жатқан "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясының бірінде Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Алтынай Омурбекова айтты. Вице-премьердің сөзінше, тұрмыстық зорлық-зомбылық елдегі ең маңызды мәселе болып тұр.

"Елде ерте тұрмыс құру фактілері, жұмыстағы жыныстық бопсалау, әйелді құлдыққа сату, жезөкшелікке итермелеу жиіледі. Қыз алып қашу заң бойынша қылмыс болып саналса да, құқық қорғау органдары мен халықтың оған көз жұма қарайтыны өкінішті" деді Омурбекова.

Жыл сайынғы "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" шарасы бүкіл әлем бойынша өтеді. 25 қараша - Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес күні басталатын акция 10 желтоқсан – Халықаралық адам құқығын қорғау күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG