Accessibility links

Нұр-Сұлтанда бірнеше белсендінің қамалғаны хабарланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты үш белсенді Гүлмира Халықова, Ғалия Тамабаеваны - 10 тәулікке, Марат Мұсабаевты 15 тәулікке қамады деп хабарлады астаналық белсенділер. Оларға "бейбіт жиын өткізу ережесін бұзу" бабы (Әкімшілік кодекстің 488-бап, 1-бөлім) бойынша айып тағылған. Халықова мен Тамабаева 26-27 қарашада Еуропа Одағының Қазақстандағы өкілдігі алдында "рұқсат етілмеген" бейбіт акцияға қатысқаны үшін әкімшілік жазаға тартылған. Ал Мұсабаев "Facebook желісінде 16 желтоқсанда митингіге шақыруға үндеді" деп айыпталған.

Sud.kz сайтында белсенділер ісінің сотқа жеткені, судьяның тағайындалғаны туралы дерек бар. Бірақ әзірге істің қалай қаралғаны, нақты қандай шешім шыққаны туралы құжат ілінбеген.

Астаналық белсенді Салтанат Төлегенованың айтуынша, бұған дейін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына қатысы бар деп айыпталып, бір жылға бас бостандығы шектелген белсенді Гүлмира Халықова 9 желтоқсанда пробациялық бақылау қызметіне тіркелу үшін барған кезде азаматтық киім киген екі адам оны көлікке отырғызып, алып кеткен. Төлегенованың сөзіне қарағанда жол ортасында көліктің бензині бітіп, жанар-жағар май станциясына тоқтаған кезде Халықова сондағы жұмысшыларға туыстарының телефонын беріп, өзі жайлы ақпарат беріп үлгерген. Халықованың туыстары түнгі 23.30 шамасында Сарыарқа аудандық полиция бөлімшесіне барған кезде сол жақтан белсендіні көрген.

"Бірақ полициядағылар ешкімді ішке кіргізбеді. Ал Гүлмира Халықова сол жерден "мені 26-27 күнгі митингі үшін 488-баптың 1-ші бөлігі бойынша он тәулікке қамады деп айтып үлгерді" дейді Төлегенова.

Белсенділердің айтуынша, Тамабаева мен Мұсабаевты 9 желтоқсанда үйінен ұстап әкеткен.

Sud.kz сайтындағы дерекке сәйкес, олардың ісін судья Бауыржан Ахметқалиев қараған. Олардың 10-15 тәулікке қамалғанын қудаланған белсенділер жайлы ақпарат тарататын Facebook-тағы #IHaveAChoiсe #ActivistsNotExtremists тобы да хабарлады. Полиция мен сот әзірге жауап бермеді.

Қарашаның 26-27 күндері Нұр-Сұлтанда Еуропа Одағының Қазақстандағы өкілдігі алдында ондаған белсенді акция өткізіп, Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары өрескел бұзылатынын айтып, шағымданған. Олар Еуропа Одағын Қазақстанды адам құқығын сақтауға міндеттеуге шақырған.

ВИДЕО: Белсенділер ЕО өкілдігі алдында саяси тұтқындарды босатуды талап етті (26.11.2019 жыл).

Белсенділер ЕО өкілдігі алдында "саяси тұтқындарды" босатуды талап етті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:52 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG