Accessibility links

"Петербург метросында жарылыс жасады" деп айыпталғандарға үкім шықты


Аброр Азимов

10 желтоқсанда Ресейдегі сот "Санкт-Петербург метросындағы жарылысты ұйымдастырды және қаржыландырды" деген айыппен оннан астам адамды жазалады. Сотталғандардың басым бөлігі – Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары.

Сот Қырғызстанда туған, қазір Ресей азаматы 29 жастағы Аброр Азимовті "терактінің негізгі айыпталушысы" деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Оның ағасы 31 жастағы Акрам Азимовті 28 жылға соттады. Ол жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтеуі тиіс.

Бұдан бөлек тағы он адам түрме жазасына кесілді:

  • Мухамадюсуп Эрматов (28 жаста, Қырғызстан азаматы) 28 жылға сотталды.
  • Ибрагимжон Эрматов (26 жаста, Қырғызстан азаматы) 27 жылға сотталды.
  • Содик Ортиков (41 жаста, Тәжікстан азаматы) 22 жылға сотталды.
  • Шохиста Каримова, (48 жаста, Өзбекстан азаматы) 20 жылға сотталды.
  • Азамжон Махмудов (25 жаста, Өзбекстан азаматы) 20 жылға сотталды.
  • Дильмурод Муидинов (22 жаста, Қырғызстан азаматы) 20 жылға сотталды.
  • Мухамадюсуф Мирзаалимов (24 жаста, Қырғызстанда туған, қазір Ресей азаматы) 20 жылға сотталды.
  • Сайфилла Хакимов (41 жаста, Қырғызстан азаматы) 19 жылға сотталды.
  • Бахром Эргашев (41 жаста, Қырғызстан азаматы) 19 жылға сотталды.

Барлық айыпталушыға 800 мың рубль (шамамен 12500 доллар) айыппұл салынды.

3 сәуірде Петербург метрополитенінде жарылыс болып, 16 адам қаза тапты, 50-ге тарта адам жараланды. Шабуылдан мерт болғандардың арасында осы қалада оқыған қазақстандық студент Максим Арышев та болған. Теракт кезінде Қырғызстан тумасы Акбаржон Жалилов өз-өзін жарып, қаза тапқан.

Санкт-Петербург метросындағы теракт болған сәт. 3 сәуір 2017 жыл.
Санкт-Петербург метросындағы теракт болған сәт. 3 сәуір 2017 жыл.

Тергеудің дерегінше, терактіні "Катиба Таухид валь-Джихад" ұйымы жасаған. Бұл ұйымды Петербургтегі шабуылдан екі жыл өткенде террорлық ұйым деп таныған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Днепрде вирустан қайтыс болуы мүмкін адамдарға қабір қазып қойды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00
XS
SM
MD
LG